2016 жылдың 28 шілдесінде "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады

29.06.16 12:18
/KASE, 29.06.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Өскемен, бұдан әрі – компания), 2016 жылдың 28 шілдесінде сағат 15:00- де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болатыны туралы Қазақстан қор биржасына хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе компания аудиторын 2015 жылға бекіту тураоы 2015 жылдың 01 шілдесіндегі акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімін өзгерту туралы табылады.: Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Өскемен қ., Жаңа Согра, компанияның оқу комбинатының ғимараты, 307 аудитория. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 14:00-ден басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2016 жылдың 29 маусымындағы жағдай бойынша құрастырылатын болады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2016 жылдың 29 шілдесінде сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен аталмыш жиналыстың өтуіне он күн қалғанға дейін компанияның орналасқан жерінде танысуына болады. [2016-06-29]