"Ақтөбе метал құрылымы заводы" АҚ KZ1C60260011 (KZ1C00001288, AKZM) жай акциялары KASE ресмитізіміне екінші санаты бойынша 28 маусымынан бастап енгізілді

28.06.16 16:25
/KASE, 28.06.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 24 маусымындағы шешімімен KASE ресми тізімінің екінші санаты бойынша "Ақтөбе метал құрылымы заводы" АҚ (Ақтөбе) KZ1C60260011 (ISIN – KZ1C00001288) облигациялары енгізілді: Эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2016 жылдың 28 маусымынан бастап күшіне енді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш акцияларға тиісінше AKZM қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. "Ақтөбе метал құрылымы заводы" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/akzm мекен-жайында жарияланады. [2016-06-28]