"ARLAN WAGONS" ЖШС KZ2P0Y04F294 (KZ2P00003635, ARWAb1) облигациялары KASE листинг процедурасынан "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша өтті

27.06.16 15:46
/KASE, 27.06.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 24 маусымындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша "ARLAN WAGONS" ЖШС (Алматы) KZ2P0Y04F294 (KZ2P00003635; 1 000 теңге, 570,0 млн теңге; 5 жыл; жылдық 19,00 % жылдық купон, 30/360) облигациялары енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың ұстаушыларының өкілі "Еуразиялық капитал" АҚ (Алматы) болып табылады. "ARLAN WAGONS"ЖШС (Алматы) қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Фридом Финанс" АҚ болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше ARWAb1 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. "ARLAN WAGONS" ЖШС негізгі қызмет түрі – жеке үй-жайлардың, темір жол жылжымалы құрамы құрылысы, жалға беру қосымша жалға беру. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2016-06-27]