Биржада 15 маусымнан бастап, орындалуы 2016 жылдың желтоқсанында KASE индексінің мәніне фьючерстің сауда-саттығы ашылды

15.06.16 14:38
/KASE, 15.04.16/ – 2016 жылдың 15 маусымынан бастап орындалуы 2016 жылдың желтоқсанында Қазақстан қор биржасында (KASE) мынадай мерзімдік келісімшарттардың сауда-саттығы ашылды: - АҚШ долларының теңгеге бағамына есеп айырысу фьючерсі; - KASE индексінің мәніне есеп айырысу фьючерсі - KAZ Minerals PLC (Лондон) GB00B0HZPV38 (KASE ресми тізімі, бірінші санат, GB_KZMS) жай акциялар фьючерсіне; - "Қазақстан Халық банкі" АҚ (Алматы) KZ1C33870011 (KZ000A0LE0S4, KASE ресми тізімі, бірінші санат, HSBK) жай акциялар фьючерсіне; - "Кселл" АҚ (Алматы) KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KCEL) жай акциялары фьючерсіне; - "КазТрансОйл" АҚ (Астана) KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTO) жай акциялары фьючерсіне; - "ҚазМұнайГаз" Барлау өндіру" АҚ (Астана) KZ1C51460018 (KZ000A0KEZQ2, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTO) жай акциялары фьючерсіне; KASE сауда жүйесінде аталған алты айлық келісімшарттарға тисініше қысқартылған белгілер (сауда-саттық кодтары) F_USDKZT1612, F_INKASE1612, F_GB_KZMS1612, F_HSBK1612, F_KCEL1612, F_KZTO1612 және F_RDGZ1612 берілген. Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен жоғарыда аталған фьючерстерге төмендегі алғашқы теориялық бағалар белгіленді. 2016 жылдың 15 маусымынан бастап F_USDKZT1609, F_INKASE1609, F_GB_KZMS1609, F_HSBK1609, F_KCEL1609, F_KZTO1609 және F_RDGZ1609 фьючерстері үш айлық мерзімдік келісімшарттарға айналатынын естеріңізге саламыз, соңғы сауда-саттық күні 2016 жылдың 14 қыркүйегі. Алты айлық фьючерстермен соңғы сауда-саттық күні 2016 жылдың 14 желтоқсаныі болып табылады. Мерзімдік келісімшарттар бойынша сауда-саттық Биржада жұмыс күндері Алматы уақытымен 10:00 бастап 15:30 дейін, аталмыш сауда-саттық бойынша клирингілік сессия Алматы уақытымен 15:30 бастап 16:00 дейін өткізіледі Мерзімдік келісімшарттар сауда-саттығына KASE мерзімдік нарық мүшелері қатыса алады, оладың тізімі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/membership мекенжай бойынша жарияланды. Мерзімдік келісімшарттың биржалық саудаларының ережелері – http://www.kase.kz/ru/fut мекен-жайында жарияланады. KASE деривативі нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін биржаның ішкі құжаттарының мәтіні http://www.kase.kz/ru/rules_kase мекен -жайында ("Сауда-саттық" қалташасында) орналасқан. [2016-06-15]