"Қазақстан Даму Банкі" АҚ KZP01Y03F261 (KZ2C00003614, BRKZb4) облигациялары KASE листинг процедурасынан "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2016 жылдың 10 маусымынан бастап енгізілді

10.06.16 11:31
/KASE, 10.06.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 09 маусымындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) KZP01Y03F261 (KZ2C00003614; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 3 жыл, облигацияларлы орналастыру бойынша бірінші аукцион қорытындысы бойынша анықталған жарты жылдық купон, 30/360) облигациялары енгізілді: Эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2016 жылдың 10 маусымынан бастап күшіне енді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Қазақстан Даму Банкі" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше BRKZb4 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/BRKZ мекен-жайында жарияланады. [2016-06-10]