"Өскемен құс фабрикасы" АҚ KZ1C33970019 (KZ1C00000199, UKPF) өзінің жай акциялары бойынша өткен жылдардың қорытындысы бойынша дивиденд төлегені туралы хабарлады
03.06.16 15:27
/KASE, 03.06.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Өскемен құс фабрикасы" АҚ (Өскемен), биржаға
жолдаған ресми хатында өткен жылдардың қорытындысы бойынша, оның
ішінде 2014 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлегені туралы
хабарлады. Жай акциялар бойынша төленген дивиденд сомасы
9 626 080 200 теңгені құрады.
[2016-06-03]