KASE "Корпорация "АПК-Инвест" АҚ KZP01Y05D980 (KZ2P00001548, APKIb4) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_B* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

30.05.16 14:37
/KASE, 30.025.16/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2016 жылдың 30 мамырдан бастап "Корпорация "АПК-Инвест" АҚ (Астана) KZP01Y05D980 (KZ2P00001548, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты, APKIb4; 1 000 тенге, 10,0 млрд тенге; 30.05.11 – 30.05.16, жылдық 10,00 % жарты жылдық купон 30/360) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, KASE_B* индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады. 2016 жылдың 30 мамырынан бастап KASE_BC, KASE_BP индексін есептегенде KASE 1,0007477 тең түзету коэффициенті (К) қолданылады. 2015 жылдың 30 мамырынан бастап KASE_B* индексінің өкілеттік тізімі 55 атау облигациядан тұрады. KASE_BY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE_BP – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша барлық тиесілі сыйақысын, соның ішінде төленбегенін, есепке алып есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Бұрын осы тақырыпта 2016 жылдың 30 мамырында "Корпорация "АПК- Инвест" ЖШС KZP01Y05D980 (KZ2P00001548, APKIb4) айналым мерзімі өткендіктен, KASE ресми тізімінен шығарылды атты жаңалығы http://www.kase.kz/ru/news/show/1296881 жарияланған. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2016-05-30]