2016 жылдың 30 маусымында "KEGOC" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

27.05.16 17:51
/KASE, 27.05.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "KEGOC" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) 2016 жылдың 30 маусымында сағат 11:30-да компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады. Жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе Директорлар кеңесінің сандық құрамын өзгерту және Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау туралы. Аталмыш жиналыс: Астана қ., Тәуелсіздік көш., 59 ғимарат, акт залы мекен- жайында болып өтеді. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 9:30-ден 11:00-ге дейін жүргізіледі. Жиналысқа қатысуға құқылы акциолнерлердің тізімі 2016 жылдың 27 маусымындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жалпы жиналысы 2016 жылдың 01 шілдесінде сол мекен-жайда, сол уақытта өткізіледі. Толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KEGC/kegc_special_shareholders_meeting_info _300616.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2016-05-27]