"Казкоммерцбанк" АҚ "Москоммерцбанк" КБ АҚ еншілес банкімен 1 400 000 дана кәдімгі атаулы құжатсыз акцияларды сатып алатыны туралы келісімшарт жасағаны туралы хабарлады
26.05.16 17:57
/KASE, 27.05.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор
биржасына (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды:
начало цитаты
"Казкоммерцбанк" (ККБ) АҚ "Москоммерцбанк" АҚ КБ (МКБ) еншілес банкпен
саны 1 400 000 дана МКБ-ның қарапайым атаулы құжаттандырылмаған
орналастырылатын акцияларының қосымша шығарылымын сатып алу
туралы шартын жасады. Орналастырылатын бір акцияның құны 1 000
рубльді құрады.
ҚКБ негізгі акционері және Директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес
Ракишев МКБ капиталын арттыру туралы шешімі жайында былай деді:
"Қазақстан мен Ресей арасында ежелден тығыз сауда-экономикалық
байланыс қалыптасқан, енді ол қатынас ЕАЭҚ құрылған соң жаңа деңгейге
шығып отыр. Қазкоммерцбанк Қазақстанның жүйе құрушы қаржы институты
ретінде екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту
қажеттілігін жете түсінеді және іс жүзіндегі барлық үдерістерге барынша
қолдау көрсетеді. Осыған байланысты, біз өзіміздің ресейлік еншілес
Москоммерцбанктің капиталын толықтырдық және жақын арадағы басты
мақсатымыз Ресей аумағында банк бизнесін жетілдіру болып табылады. Мен
қаржы институтының стратегиялық мәселелерінің шешіміне тікелей қатысу
үшін Москоммерцбанктің Директорлар кеңесіне өзім жетекшілік етемін".
Мәміле нәтижесінде ҚКБ-ның МКБ жарғылық капиталындағы үлесі
өзгермейді және 100% құрайды. Акциялардың қосымша шығарылымын
сатып алу қорытындысы бойынша МКБ жарғылық капиталының көлемі 2 843
600 000 рубльді құрайды.
цитата соңы
[2016-05-27]