"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ 2016 жылдың 24 мамырындағы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімі туралы хабарлады

26.05.16 16:30
/KASE, 26.05.2016/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасы (KASE), баспасөз-хабарламасын ұсынды: ... "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) ҚМГ БӨ дербес мұнай процессингі схемасына өткен алғашқы ай, 2016 жылдың сәуіріндегі ішкі нарыққа жеткізілімдер туралы хабарлайды. Жедел деректерге сәйкес 2016 жылдың сәуірінде, мұнай өнімдерін сатудан кіріс (оларды сатумен байланысты барлық шығыстарды шегергенде[1]) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) мұнай тоннасы үшін 28 000 теңгеге жуық және Павлодар мұнай химия зауытына (ПМХЗ) мұнай тоннасы үшін 42 000 теңгеге жуық қаржыны құрады, аталған схеманы қолдану нәтижесі бойынша. Сәуірде көрсеткіштердің жақсаруы негізінен мұнай нарығында және мұнай өнімдеріне конъюктураның жақсаруымен және нәтижесінде Брент бағасының өсуімен, сондай-ақ ақшыл мұнай өнімдерінің болжамдағыдан көп көлемде шығуына байланысты. Бұған дейін хабарланғандай, 2016 жылдың сәуірінен бастап Компания мұнай процессингінің дербес схемасына көшті. Жаңа схемаға сәйкес, ҚМГ БӨ қайтаөңдеу үшін АМӨЗ және ПМХЗ мұнай жөнелтеді, бекітілген кепілгерлік келісім-шартқа сәйкес алынған мұнай өнімдері одан әрі «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ (ҚМГ ҚӨМ) арқылы сату үшін. Процессинг схемасына өту Компанияны жағдайдан алып шығады, ҚМГ ҚӨМ бағақұру формуласының болмауынан мұнай өнімдерін қайта өңдеу және сату үшін ҚМГ БӨ мұнайын сатып алуға бағаны дербес өзі белгілейді. ... Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет–сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/RDGZ/rdgz_reliz_260516.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2016-05-26]