/ҚАЙТАЛАУ/ 27 мамырда KASE және "Атамекен" ҰКП Алматы облысының компанияларымен Қазақстан қор биржасына қаржы тарту мәселесі бойынша кездесу өткізбекші
26.05.16 15:33
/KASE, 6.05.16, .26.05.2016 жаңалығын қайталау/ – "Қазақстан қор биржасы"
АҚ (KASE) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен
бірлесе іске асыратын, бастама шегінде 2016 жылдың 27 мамырында
сағат 10:00 Алматы облысының компанияларының меншік иелерімен және
жетекшілерімен қазақстан қор нарығының сарапшыларымен кездесу
өткізіледі. Осы кездесудің мақсаты қатысушыларды KASE арқылы қаржы
тарту мүмкіншіліктерімен таныстыру болып табылады. Кездесу Алматы
қаласының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ғимаратының мәжіліс залында –
Гоголь көшесі, 111, 5-ші қабат мекен-жайында өтеді
Іс-шараның спикерлері:
- Юрий Жұмабайұлы Тілеумұратов, Алматы қ. Кәсіпкерлер
палатасының директоры;
- Қайрат Жұмабекұлы Тұрмағамбетов, KASE басқару директоры –
Басқарма мүшесі;
- Аслан Ермекұлы Қалиғазин, KASE эмитенттермен және
инвесторлармен жұмыс жөніндегі бөлімнің бастығы;
- Сәкен Талғатұлы Өсер, "Фридом Финанс" АҚ корпоративтік
қаржы департаментінің директоры;
- Гүлнара Абдулманафқызы Бадыганова, менеджер, "Эрнст энд Янг –
кеңес берушілік қызметтер" ЖШС Мәмілелер бойынша кеңес
берушілік қызметтер департаменті.
Компаниялар өкілдерінің қатысуна байланысты сұрақтар бойынша:
Басыбеков Расул, +7 727 225 1830, +7 727 225 1831, +7 727 331 0133 (ішкі
7521), r.bassibekov@palata.kz
БАҚ өкілдерінің аккредитациясы сұрақтары бойынша: KASE Маркетинг және
PR бөлімі, +7 727 237 5342 немесе pr@kase.kz
[2016-05-26]