Ұлттық банк "Айдала Мұнай" АҚ 2015 жылдың 08 қарашасынан 2016 жылдың 02 мамырына дейінгі кезеңге акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есебін бекітті

26.05.16 10:39
/KASE, 26.05.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Айдала Мұнай" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), Биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық Банк) 2016 жылдың 17 мамырындағы компанияның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есебін бекіткені туралы хатының көшірмесін ұсынды: Берілген хатқа сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) 2015 жылдың 08 қарашасынан 2016 жылдың 02 мамырына дейінгі кезеңге банктің акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есебін бекітті; - есептік кезеңде банктің акциялары орналастырылмаған, оның жарғылық капиталы 122 518 000,00 теңге көлемінде қалыптасты. Есеп KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ADLA/adla_placement_results_230516.pdf мекен-жайында жарияланған. [2016-05-26]