"KEGOC" АҚ KZP01Y15F281 (KZ2C00003572, KEGCb1) облигациялары KASE листинг процедурасынан "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша өтті

23.05.16 17:24
/KASE, 23.05.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 23 мамырындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "өзге де бағалы қағаздар" санаты бойынша "KEGOC" АҚ KZP01Y15F281 (KZ2C00003572; 1 000 теңге, 47,5 млд теңге; 15 жыл; индекстелген жарты жылдық купон, 30/360) облигациялары енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі күшіне енгені туралы эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасында анықталған шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің 2015 жылдың 27 қарашасында тіркелген "KEGOC" АҚ облигацияларының шығарылымы KASE листинг процедурасынан өткен, жалпы сомасы 83,8 млрд тенгеге аталмыш эмитенттің ішкіі облигациялық бағдарламасы аясында бірінші шығарылымы болып табылады. "KEGOC" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері ""SkyBridge Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілдері "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше KEGCb1 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2016-05-23]