"KM GOLD" АҚ KZ1C50260013 (KZ1C00001254, KMGD) жай акциялары Қазақстан қор биржасында екінші санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

13.05.16 11:40
/KASE, 05.03.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 05 наурызындағы "KM GOLD" АҚ KZ1C50260013 (ISIN – KZ1C00001254) жай акциялары KASE ресми тізіміне екінші санаты бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне енуі туралы эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздарды 2015 жылдың 30 қарашасында мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес "KM GOLD" АҚ жарияланған акциялары 97 100 000 жай акцияларға бөлінген, оларға KZ1C50260013 ұлттық сәйкестендіру номері берілді. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың Мемлекеттік тізбесіне A5026 номерімен енгізілді. Аталмыш облигацияларға KMGD қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді. "KM GOLD" АҚ қаржылық кеңесшісі "Банк ЦентрКредит" АҚ Еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. "KM GOLD" АҚ негізгі қызмет түрі – шағын және орта бизнес кәсіпорны қызметіне қаражат және инвестиция тарту болып табылады. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингілік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет-сайтында жарияланады. [2016-05-13]