"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Fitch Ratings агенттігінің қоғамның және оның облигацияларының рейтингілік бағасын төмендеткені туралы хабарлады, болжам "Негативті"

12.05.16 11:00
/KASE, 12.05.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана, одан әрі цитатада – Холдинг), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен төмендегіні хабарлады: ... ... Fitch Ratings рейтингілік агенттігі Холдингтің шет елдік және ұлттық валютамен ұзақ мерзімді төмендегі рейтингін төмендетті: - шет елдік валютамен ұзақ мерзімді ЭДР "ВВВ" деңгейінен "ВВВ-" деңгейіне дейін, болжам "Негативті"; - ұлттық валютамен ұзақ мерзімді ЭДР "ВВВ+" деңгейінен "ВВВ-" деңгейіне дейін, болжам "Негативті"; - шет елдік валютамен қысқа мерзімді ЭДР "F3" расталды; - басымды қамтамасыз етілмеген еурооблигациялардың рейтингі "ВВВ" деңгейінен "ВВВ-" (XS0934609016, XS1070363343) деңгейіне дейін; - басымды қамтамасыз етілмеген ішкі облигациялардың рейтингі "ВВВ+" деңгейінен "ВВВ-" (KZP01Y10E814, KZP02Y10E812) деңгейіне дейін. ... Аталмыш хат KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_rating_060516.pdf мекен-жайында жарияланған. [2016-05-12]