KASE және "Атамекен" ҰКП қаржы тарту мәселесі бойынша батыс қазақстандық компания өкілдерімен кездесу өткізді

29.04.16 19:05
/KASE, 03.05.2016/ – 2016 жылдың 28 сәуірінде Орал қаласында Қазақстан қор биржасының (KASE) бастамасымен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ("Атамекен" ҰКП) бірлесе отырып, Орал қаласында қор нарығы сарапшылары аймақтық компанияның басшыларымен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты - Қазақстан қор биржасына қаржы тарту әдісі бойынша компанияны әрі қарай дамыту мақсатында шағын және орта бизнеске кеңес беру болып табылады. Кездесу барысында KASE, сондай-ақ "Фридом Финанс" және Ernst & Young Kazakhstan LLP өкілдері батыс қазақстандық бизнесмендерге қор биржасына орналастыру арқылы қаржыландыру көздерін ашатын балама қаржыландыру жолдары туралы әңгімелеп берді. Сарапшылар қор нарығына шығудағы ерекшеліктер серіктестер мен клиенттері үшін тартымды имидж қалыптастыруда қалай жұмыс істейтінінін түсіндірді, сондай-ақ әлеуетті серіктестер мен инвесторлар компанияның қаржылық ақпараттарына және нарықтық құнын бағалау қорытындысына еркін қол жеткізе алатындығын атап өтті. Ағымдағы жылы KASE қор нарығында және республиканың басқа аймақтарында капитал тарту мәселелері бойынша шағын және орта бизнеске кеңес беруді жалғастыруды жоспарлап отыр. Толық ақпаратпен KASE баспасөз-хабарламасында http://www.kase.kz/files/press/ru/16_04_29_KASE_Uralsk_rus.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2016-05-0329]