/KASE, 03.05.2016/ – 2016 жылдың 28 сәуірінде Орал қаласында Қазақстан
қор биржасының (KASE) бастамасымен Қазақстан Республикасының Ұлттық
кәсіпкерлер палатасымен ("Атамекен" ҰКП) бірлесе отырып, Орал
қаласында қор нарығы сарапшылары аймақтық компанияның
басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты - Қазақстан қор биржасына қаржы тарту әдісі бойынша
компанияны әрі қарай дамыту мақсатында шағын және орта бизнеске кеңес
беру болып табылады.
Кездесу барысында KASE, сондай-ақ "Фридом Финанс" және Ernst & Young
Kazakhstan LLP өкілдері батыс қазақстандық бизнесмендерге қор
биржасына орналастыру арқылы қаржыландыру көздерін ашатын балама
қаржыландыру жолдары туралы әңгімелеп берді. Сарапшылар қор
нарығына шығудағы ерекшеліктер серіктестер мен клиенттері үшін
тартымды имидж қалыптастыруда қалай жұмыс істейтінінін түсіндірді,
сондай-ақ әлеуетті серіктестер мен инвесторлар компанияның қаржылық
ақпараттарына және нарықтық құнын бағалау қорытындысына еркін қол
жеткізе алатындығын атап өтті.
Ағымдағы жылы KASE қор нарығында және республиканың басқа
аймақтарында капитал тарту мәселелері бойынша шағын және орта
бизнеске кеңес беруді жалғастыруды жоспарлап отыр.
Толық ақпаратпен KASE баспасөз-хабарламасында
http://www.kase.kz/files/press/ru/16_04_29_KASE_Uralsk_rus.pdf
мекен-жайында танысуға болады.
[2016-05-0329]