"ЗАҢҒАР" Қазақ Республикалық Сауда Үйі" АҚ өзінің әкімшіліктік жауапқа тартылғаны туралы хабарлады
21.04.16 14:19
/KASE, 21.04.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "ЗАҢҒАР" Қазақ Республикалық Сауда Үйі" АҚ (Алматы),
биржаға ресми хатпен Алматы қалалық Статистика департаментінің 2016
жылдың 20 сәуіріндегі қаулысымен (ҚР Әкімшілік құық бұзушылық туралы
Кодексінің 821, 822 және 497 бабы 3 тармағына сәйкес, №4-ОС нысаны
бойынша алғашқы статистикалық мәліметтерді ұсынбағаны үшін) өзінің
әкімшіліктік жауапқа тартылғаны туралы хабарлады.
[2016-04-21]