21 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында "Алматытемiр" АҚ KZ2C0Y17C783 (KZ2C00001493, ALTMb1) облигацияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылды

20.04.16 12:36
/KASE, 20.04.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2016 жылдың 21 сәуірінен бастап "Алматытемiр" АҚ (Алматы) KZ2C0Y17C783 (KZ2C00001493, KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, ALTMb1) облигацияларының сауда- саттықтары уақытша тоқтатылды. Бұл шешім Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңының 18-2 бабының 6 тармағына сәйкес қабылданды. Сауда-саттықтар аталмыш облигацияларды ұстаушылардың 2016 жылдың 21 сәуіріне болып өткен жалпы жиналысының шешімі жарияланғаны туралы Биржа ақпарат алғанға дейін тоқтатылды. Бұдан бұрын 2016 жылдың 31 наурызында "2016 жылдың 21 сәуірінде "Алматытемiр" АҚ KZ2C0Y17C783 (KZ2C00001493, ALTMb1) облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы болып өтеді" тақырыбында KASE жаңалығы – http://www.kase.kz/news/show/1290672 мекен-жайында жарияланған. [2016-04-20]