"Scipio" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

15.04.16 14:26
/KASE, 15.04.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Scipio" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C60150014 жай акцияларының жалпы саны 100 000 000 дана; - компанияның 1 000 000 жай акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға Иманбекова Д.С. болып табылады, оның меншігінде 777 500 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 77,75%) бар. [2016-04-15]