"Интергаз Орталық Азия" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

15.04.16 11:46
/KASE, 15.04.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 30 360 362 дана, артықшылықты акциялар саны – 41 250 дана; - компанияның 28 198 202 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "КАЗТРАНСГАЗ" АҚ болып табылады. [2016-04-15]