"Альфа-Банк" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

13.04.16 11:13
/KASE, 13.04.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Альфа-Банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C00490017 жай акцияларының жалпы саны 548 400 000 дана; - банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Альфа-Банк" ААҚ (Мәскеу, Ресей Федерациясы) болып табылады. [2016-04-13]