"Ростелеком" БАҚ (Ресей) RU0008943394 (RU_RTKM) қарапайым акциялары KASE ресми тізімінің екінші санатына енгізілді

07.04.16 22:39
/KASE, 07.04.16/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 04 сәуіріндегі шешімімен KASE ресми тізімінің екінші санаты бойынша "Ростелеком" БАҚ (Москва, Ресей) RU0008943394 қарапайым акциялары енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2016 жылдың 07 сәуірінен бастап, аталмыш акциялардың бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Ростелеком" БАҚ тіркеушісі "бірлескен тіркеу компаниясы" АҚ (Москва, Ресей) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше RU_RTKM қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. "Ростелеком" БАҚ негізгі қызмет түрі қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметін ұсыну, байланыс каналдарын пайдалануға ұсыну болып табылады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ru_sber мекен-жайында танысуға болады. [2016-04-07]