"Уралкалий" БАҚ (Ресей) RU0007661302 (RU_URKA) қарапайым акциялары KASE ресми тізімінің екінші санатына енгізілді

07.04.16 22:37
/KASE, 07.04.16/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2016 жылдың 04 сәуіріндегі шешімімен KASE ресми тізімінің екінші санаты бойынша "Уралкалий" БАҚ (Березники, Пермский край, Ресей) RU0007661302 қарапайым акциялары енгізілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2016 жылдың 07 сәуірінен бастап, аталмыш акциялардың бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Уралкалий" БАҚ тіркеушісі "Тәуелсіз тіркеу компаниясы" АҚ (Москва, Ресей) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше RU_URKA қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. "Уралкалий" БАҚ негізгі қызмет түрі калий-магний және тасты тұздарды өндіру, байыту, өңдеу және сату, сондай-ақ калий тыңайтқыштары мен басқа да химия өнімдерін өндіру болып табылады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ru_sber мекен-жайында танысуға болады. [2016-04-07]