"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ 2016 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компания" АҚ (Kazakhstan Engineering) қаржылық жағдайын талдау нәтижелерін мәлімдеді

30.03.16 12:24
/KASE, 30.03.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компания" АҚ (Kazakhstan Engineering) (Астана) XS0997708051 (KZENe1) халықарлық облигацияларын ұстаушылардың өкілі болып табылатын, "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы), 2016 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша қаржылық жағдайын талдау нәтижелерін биржаға ұсынды. Акт KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZEN/kzen_akt_010116.pdf мекен-жай бойынша орналастырылған. [2016-03-30]