2016 жылдың 29 сәуірінде "CHINATOWN" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

29.03.16 15:54
/KASE, 29.03.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "CHINATOWN" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2016 жылдың 29 сәуірінде сағат 15:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз сұрақ компанияның Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау болып табылады. Аталмыш жиналыс: Алматы қ., Фурманов көш., 103, 505 А кеңесесі мекен- жайында өткізіледі. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 14:00-ден басталады. Осы жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2016 жылдың 25 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда қайталама жиналыс 2016 жылдың 30 сәуірінде сол уақытта сол жерде өткізіледі. Акционерлер күн тәртібінің сұрағына қатысты материалдармен жиналыс өткізілер күннен кемінде он күн бұрын: Алматы қ., Фурманов көш., 103, 505 А кеңесесі мекен-жайында таныса алады. [2016-03-29]