"Қазақстан Даму Банкі" АҚ Басқарма құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

25.03.16 16:05
/KASE, 03.03.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен Директорлар кеңесінің шешімі туралы хабарлады. цитата басы Банктің Директорлар кеңесінің 2016 жылдың 18 наурызындағы шешімімен 2016 жылдың 29 наурызынан бастап Бабичев Дмитрий Юрьевич Басқарма Төрағасының орынбасары – Банк Басқармасының мүшесі болып сайланды. Осы шешіммен Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары – Банк Басқармасының мүшесі Достияров Асқар Абайұлының өкілеттігі 2016 жылдың 18 наурызынан бастап тоқтатылды. цитата соңы [2016-03-25]