KASE Директорлар кеңесі, валюталық нарық мүшелерінің өкілдері болып табылатын, Валюталық нарық жөніндегі комитеттің мүшелерін бекітті

18.03.16 18:07
/KASE, 18.03.2016/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2016 жылдың 14 наурызындағы шешімімен, 2016 жылдың 31 наурызында, валлюталық нарық мүшелерінің өкілдері болып табылатын, Шетел валюталары нарығы жөніндегі комитет мүшелерінің өкілеттілік мерзімі аяқталуына байланысты, аталмыш Комитеттің жаңа құрамы бекітілді: 1) Антипов Дмитрий Александрович, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкінің Қазынашылық басқармасының директоры, ол болмаған кезде – Мурыгин Максим Николаевич, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкінің Қазынашылық басқармасы директорының орынбасары; 2) Байтелиев Нұртелі Тұлтайұлы, – "Еуразиялық банк" АҚ Қазынашылық департаментінің Қазынашылық басқармасының және ALM бастығы, ол болмаған кезде – Қалиасқаров Рүстем Нұрматұлы, Еуразиялық банк" АҚ Қазынашылық департаментінің Қазынашылық басқармасының және ALM бастығының орынбасары – басқарушы директор; 3) Дәуітбаев Асыл Бақытұлы, "ForteBank" АҚ қазынашылық бағытының директоры , ол болмаған кезде – Н.А.Аюбаев, "ForteBank" АҚ қазынашылық бағытының аға банкирі; 4) Қазиев Асқар Рүстемұлы, "Банк ЦентрКредит" АҚ Қазынашылық департаментінің дилинг бөлімінің бастығы, ол болмаған кезде – Ибрайымов Данияр Қалмқханұлы, "Банк ЦентрКредит" АҚ Қазынашылық департаментінің дилинг бөлімінің бас дилері"; 5) Мерзияшов Абдигали Ерланұлы, "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ Сауда-саттық операциялар басқармасының бастығы, ол болмаған кезде – Жүкенов Серік Дәкенұлы, "Қазақстан халық жинақ банкі" АҚ қазынашылық директоры; 6) Соколов Виталий Александрович, "Казкоммерцбанк" АҚ Қазынашылық Департаментінің директоры, ол болмаған кезде – Маргацкий Роман Владимирович, "Казкоммерцбанк" АҚ Бағалы қағаздар және қаржы нарығы операциялар басқармасының бастығы". Шетел валюталары нарығы жөніндегі комитет туралы Қағидаға сәйкес оның құрамына төмендегі тұлғалар кіреді: - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екі өкілі; - KASE Есептеу палатасының қызметін үйлестіру және бақылауды жүзеге асыратын Басқарма мүшес болып табылатын KASE екі өкілі; - Валюталық нарық мүшелерінің алты өкілі, оның ішінде валюталық нарықтың бір мүшесінен бір өкілінен артық ұсынылмайды. KASE Шетел валюталары нарығы жөніндегі комитет, KASE құрылымынан тыс тұрақты орган, оның негізгі міндеті валюталық нарық мүшелерінің төлем қабілетсіздігі жағдайын анықтау, қажет болған жағдайда сатылатын және/немесе сатып алынатын шет ел валютасын жедел режимнен алдын ала жеткізу режиміне аудару туралы шешім қабылдау болып табылады. Шетел валюталары нарығы жөніндегі комитет туралы Қағида KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/currency_com.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2016-03-18]