"SkyBridge Invest" АҚ "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының KZP01Y10E822 (KZ2C00003002, BRKZb2) облигациялары бойынша маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты

15.03.16 11:32
/KASE, 15.03.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы) 2016 жылдың 24 наурызынан бастап "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) KZP01Y10E822 (KZ2C00003002, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің бағалы қағаздар" санаты, BRKZb2) облигациялары бойынша маркет-мейкер міндеттерін орындаудан босатылды: Бұл шешім "Маркет-мейкерлер туралы қағида" атты KASE ішкі құжатының 4 бабына сәйкес маркет-мейкердің өтініші негізінде қабылданды. [2016-03-15]