"Алматы электр стансалары" АҚ KZP07M16E423 (KZ2C00002780, ALESb7) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

14.03.16 11:33
/KASE, 30.12.14/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2016 жылдың 14 наурызынан бастап "Алматы электр стансалары" АҚ (Алматы) KZP07M16E423 (KZ2C00002780, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты, ALESb7; 100 теңге, 1,870 млрд теңге; 12.11.14 – 12.03.16; инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон 6,00 %,30/360) облигацияларының айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2014 жылдың 12 қарашасынан бастап "рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатына, 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2014 жылдың 08 желтоқсанынан бастап ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 105,00 ден және 203,20 % аралығында құбылды. [2016-03-14]