2016 жылдың 21 сәуірінде "АТФБанк" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

14.03.16 11:13
/KASE, 14.03.16/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АТФБанк" АҚ (Алматы) 2016 жылдың 21 сәуірінде сағат 11:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталады деп биржаға хабарлады. Аталған жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе: - банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - Банктің аудиттелген қаржылық есебін және 2015 жылға банктің өқаржылық шоғырландырылған қаржылық аудиттелген есебін бекіту; - 2015 жылға банктің таза табысын бөлу тәртібін бекіту; - Банктің акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау; - банк акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешімдерді қабылдау; - банк және оның қызметкерлерінің қызметіне қатысты акционерлердің шағымдары туралы мәселені қарастыру және оларды қарастыру қорытындылары; - Басқарма мүшелері мен банк Директорлар кеңесі мүшелерінің 2015 жылға сыйақы мөлшері туралы банк акционерлерін хабардар ету; - Директорлар кеңесінің мүшелерінің сандық құрамын анықтау; - Банктің Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау; - Банктің Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу көлемі мен шарттарын анықтау және міндеттерін орындағаны үшін өтемақы шығынын анықтау. Аталмыш жиналыс Алматы қаласы, Әл-Фараби көшесі, 36 Б, AFD блок, 2 қабат мекен-жайы бойынша өтеді. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 10.00- ден 10:45-ке дейін. Кворум болмаған жағдайда банк акционерлерінің жиналысы қайтадан 2016 жылдың 01 сәуірінде өтеді. Акционерлер күн тәртібіндегі мәселе материалдарымен 2016 жылдың 10 сәуірі мен 20 сәуір аралығындағы жұмыс уақытында, Алматы қаласы, Әл- Фараби көшесі, 36 Б, AFD блок, 2 қабат, 1 кабинетте тел.: (727) 258 30 00 (2612 ішкі тел) танысуға болады. [2016-03-14]