"Қазақстан Даму банкі" АҚ EY және McKinsey қолдауымен несие қызметінің тиімді үлгісін енгізу жобасы аяқталғаны туралы хабарлады

11.03.16 17:45
/KASE, 11.03.16/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму банкі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы "Қазақстанның Даму банкі" ("Бәйтерек" Холдингінің еншілес құрылымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) EY және McKinsey&Company халықаралық компаниялар консорциумымен бірге негізгі бизнес үдерістерді оңтайландыру және жаңа қаржы өнімдерін енгізу бойынша жобаны аяқтады (бұдан әрі - Жоба). Жобаның нәтижесі несие өтінімдерін қарау мерзімдерін оңтайландыру, несие үдерісінің сапасын арттыру мен несие және операциялық тәуекелдер деңгейін төмендету болмақ. Бұдан өзге, Банктің несие қызметі аясында барлық бизнес үдерістерін 70% дейін автоматтандыру бойынша «жол картасы» қалыптастырылды. цитата соңы Толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_100316.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2016-03-11]