"Halyk Finance" АҚ қатарынан 6-шы жыл "EMEA Finance" журналының марапатына ие болды

10.03.16 10:59
/KASE, 10.03.16/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын "Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыптамада – "Halyk Finance" АҚ), төмендегі баспасөз-хабарламасын ұсынды: цитата басы Әйгілі әрі беделді халықаралық "EMEA Finance" журналы (www.emeafinance.com) жыл сайын өтетін "EMEA Finance Achievement Awards 2015" атты капиталдың халықаралық нарықтарындағы ең үздік мәмілелерді мұқият іріктеу нәтижелері бойынша "Halyk Finance" АҚ (бұдан әрі – "Halyk Finance") ұйымдастырған 2 мәміле әр түрлі 2 санатта жеңімпаз болып танылды. ЕМЕА марапатымен белгіленген мәміленің екеуі де капиталдың борыштық нарығында жүргізілді. "Еуропада, Таяу, Орта Шығыста және Африкада облигациялардың ең үздік тәуекел шығарылымы" (“Best sovereign bond in EMEA”) номинациясында EMEA Finance жеңісті 2015 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Еврооблигацияларының 2 траншын жалпы сомасы 4 млрд долларға 10 және 30 жылдық айналыс мерзімімен шығару және орналастыру бойынша жасалған мәмілеге берді, аталған мәмілеге Halyk Finance Бірлескен Жетекші Менеджер ретінде қатысты. Бұл транзакция 2013 ж. қазаннан бері Орталық Еуропа, Таяу, Орта Шығыс және Африка елдерінде жасалған ең ірі мәміле, сонымен бірге Қазақстан тарихында Еврооблигация нарығындағы ең ірі мәміле болып табылады. Сонымен қатар "Қаржы институты облигацияларының ең үздік шығарылымы" (“Best financial institution bond”) номинациясында EMEA Finance жеңісті «Қазақстан Халық Банкі» АҚ теңгелік облигацияларын жалпы сомасы 132 млрд теңгеге 10 жылдық айналыс мерзімімен шығару және орналастыру жөніндегі мәмілеге берді, аталған мәміледе Halyk Finance Бірлескен Жетекші Менеджер және Андеррайтер ретінде болды. Halyk Finance Басқармасының Төрағасы Арнат Абжанов: "2015 жыл Қазақстандағы капитал нарықтары үшін де, жалпы еліміздің экономикасы үшін де қиындықтар мен сындарға толы болды. Қаржы нарығының барлығы басынан өткізген қиын жағдайға қарамастан, Halyk Finance кезекті рет өзінің кәсіпқойлығы мен өз клиенттеріне беріктігін көрсетті, осының бәрі беделі асқан әділ халықаралық қазылар алқасы берген марапаттармен дәлелденеді. Бұл марапаттар клиенттеріміздің командаларының жоғары кәсіпқойлығына, олардың ең үздік нәтижелерге деген ұмтылыстарына лайықты құрмет көрсетілгенін білдіреді", – деп белгілеп өтті. Halyk Finance қатарынан 6-шы жыл "EMEA Finance Achievement Awards" беделді марапаттарына ие болып келеді – 2011-2015 жылдар аралығындағы кезең бойынша компания "Жыл Мәмілелерін Ұйымдастырушы» (Арнат Абжанов), "Швейцария франкіндегі облигациялардың ең үздік шығарылымы» («ҚТЖ» АҚ), "Ең үздік ұлтаралық облигациялар шығарылымы" (Еуразиялық Даму банкі), "Жекешелендіру шеңберіндегі ең үздік IPO" ("KEGOC" АҚ), "EMEA аймақтағы Корпоративтік Облигациялардың ең үздік Шығарылымы" ("ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ), "Орталық және Шығыс Еуропадағы Ең үздік IPO" ("Кселл" АҚ), "Ең Инновациялық Облигациялар" ("Қазақстан Даму Банкі" АҚ), "Малайзиялық ринггиттардағы ең үздік Сукуктар" ("Қазақстан Даму Банкі" АҚ), "Ең үздік Депозитарлық Қолхаттар Бағдарламасы" ("Кселл" АҚ) және екі "Тәуелсіз қорлар облигацияларымен жасалатын ең үздік мәміле" ("Самұрық- Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ) санаттарында 11 жүлдеге ие болды цитата соңы [2016-03-10]