"Интергаз Орталық Азия" АҚ Standard & Poor's агенттігінің компанияның ұзақ мерзімді рейтингін "BB" деңгейіне дейін төмендеткені туралы хабарлады, болжам "Негативті"

25.02.16 10:06
/KASE, 25.02.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Интергаз Орталық Азия" АҚ (Астана, одан әрі – Қоғам), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен қоғамның Standard & Poor's рейтингілік агенттігі тарапынан ұзақ мерзімді несие рейтингін ВВ+ деңгейінен ВВ деңгейіне дейін Қазақстан Республикасының егемендік несие рейтингі төмендеуіне байланысты төмендеткені туралы хабарлады. Қоғам рейтингінің болжамы – Негативті.". Аталмыш хатпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/INCA/inca_rating_190216.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2016-02-25]