"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ Standard & Poor's агенттігінің компанияның несие рейтингін "BB" деңгейіне дейін төмендеткені туралы хабарлады, болжам "Негативті"
24.02.16 11:26
/KASE, 24.02.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана, одан әрі
цитатада – Қоғам), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми хатпен
төмендегі туралы хабарлады:
цитата басы
... Standard and Poor's рейтингілік агенттігі Қоғамның ұзақ мерзімді рейтингін
"BB+" деңгейінен "ВВ" деңгейіне дейін төмендеткені туралы хабарлады.
Рейтингті өзгерту болжамы – "Негативті".
Қоғамға қатысты рейтингілік әрекеттер Қазақстан Республикасының
егемендік несие рейтингін 2016 жылдың 19 ақпанында төмендету
нәтижесінде орын алды.
цитата соңы
[2016-02-24]