"КазАгро" Ұлттық басқарушы холдинг" АҚ 2015 жылға қызмет қорытындысы және 2016 жылға даму перспективалары туралы хабарлады

22.02.16 12:00
/KASE, 22.02.2016/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдинг" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2016 жылдың 19 ақпанында төмендегі баспасөз-хабарламасын хабарлады: ... "КазАгро" ұлттық холдингі саласының қаржыландыру көлемі 317 млрд. теңгені құрады, оның 65% (203 млрд. теңге) несиелендіру және лизинг бағдарламасына жұмсалды. АПК несие қоржынында 2015 жылдың қорытындысы бойынша несие қоржыны 43% құрады, сонымен қатар Холдинг клиенттері 49 мың қарыз алушы болып табылады. Шағын және орта бизнес үлесі жалпы Холдингтік агросекторды несиелендіру көлемінде 88% құрады. "КазАгро" Холдингінің инвестициялық қоржынында жалпы сомасы 320,4 млрд. теңгелік 528 инвестициялық жоба іске қосылды. Холдингтің Ұлттық қоры есебінен жалпы құны 200 млрд. теңгелік 2016 инвестициялық жоба мақұлданды. Холдингті қаржыландыру есебінен 2015 жылы 29 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілді. ... Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_190216_kz.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2016-02-22]