Банк ВТБ (Ресей) ААҚ БО-22 RU000A0JTN01 (RU_VTBRb1) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

16.02.16 10:30
/KASE, 16.02.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2016 жылдың 16 ақпанынан бастап Банк ВТБ ААҚ (Санкт-Петербург) БО-22 RU000A0JTN01 KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, BRKLb1; 1 000 рубль, 15,0 млрд рубль; 19.02.13 – 16.02.16; тоқсандық купон жылдық 7,90 %, RU_VTBRb1, actual/365) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар 2015 жылдың 15 тамызынан бастап KASE ресми тізімінің "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына, 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап "өзге борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2015 жылдың 03 наурызында ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың "таза емес" бағасы облигацияның номиналдық құнынан (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) 2 916,84 -тен 4 792,02 теңге аралығында құбылды. [2016-02-16]