JPMorgan Chase Bank, National Association (АҚШ) XS0244509963 (US_JPM_e1) халықаралық облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

15.02.16 15:23
/KASE, 15.02.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2016 жылдың 15 ақпанынан бастап JPMorgan Chase Bank, National Association (Нью Йорк) XS0244509963 (KASE ресми тізімі, "өзге борыштық бағалы қағаздар" санаты, US_JPM_e1, 10,0 млн теңге, 13,2 млрд теңге;; 14.02.06 – 14.02.16; қазақстанда инфляция деңгейі бойынша индекстелген жартыжылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 13,781 %, 30/360) халықаралық облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар 2006 жылдың 21 сәуірінен бастап KASE ресми тізімінің "А" санатына, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап "өзге борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2006 жылдың 24 сәуірінде ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың "таза емес" бағасы облигацияның номиналдық құнынан (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 100,00 және 115,00% аралығында құбылды. [2016-02-15]