Қазақстан қор биржасы, Лондон қор биржасы және Barclays Қазақстанда IPO тақырыбына дөңгелек үстел өткізді

10.02.16 12:49
/KASE, 10.02.2016/ – 2016 жылдың 09 ақпанында Алматыда IPO сұрақтары бойынша дөңгелек үстел болып өтті. Бұл іс-шараны Қазақстан қор биржасы (KASE) Лондон қор биржасымен(LSEG) және Barclays Bank PLC (Barclays) бірлесе отырып, ұйымдастырды. Дөңгелек үстел, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің басшылығымен Ұлыбританияға қазақстандық үкіметтік делегациясының сапары барысында KASE мен LSEG арасында 2015 жылдың 03 қарашасында қол қойылған, өзара түсіністік меморандумы шегінде өткізілді. Іс-шараға 20-дан астам қатысушы, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Еуропалық қайта құру және даму банкінің, брокерлік, заңгерлік және консалингілік компаниялардың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты Қазақстанның капиталдың халықаралық нарықтарына әрі қарай интеграциялануын талқылау және KASE мен Лондон қор биржасында (LSEG) саудаланатын қазақстандық компаниялардың акцияларына шетелдік инвестицияларды ұлғайту болып табылды. Сондай- ақ, пікірталасқа қатысушылар Қазақстандағы және шетелдегі листингтен өту процедурасын, маркетингтің ерекшеліктерін, тапсырыстар кітабын қалыптастыру, баға белгілеу мен есептеулердің механизмдерінсалыстырып, Қазақстан қор биржасында да, Лондон қор биржасында да қазақстандық бағалы қағаздардың өтімділігін арттырудың оңтайлы механизмдерін әзірлеуді талқылады. Толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/press/ru/releases/ мекен-жайында танысуға болады. [2016-02-10]