"Қазақстан Даму Банкі" АҚ еншілес ұйымы "БРК-Лизинг" АҚ KZP01Y05D931 (KZ2C00000214, BRKLb1) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

08.02.16 16:39
/KASE, 08.02.16/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2016 жылдың 08 ақпанынан бастап "Қазақстан Даму Банкі" АҚ еншілес ұйымы "БРК- Лизинг" АҚ (Алматы) KZP01Y05D931 (KZ2C00000214, KASE ресми тізімі, "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санаты, BRKLb1; 100 теңге, 5,0 млрд теңге; 08.02.11 – 08.02.16; жарты жылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар 2011 жылдың 07 ақпанынан бастап KASE ресми тізімінің "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына, 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап "мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2011 жылдың 15 ақпанында ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың таза бағасы облигацияның номиналдық құнынан (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 3,50 және 34,00 % аралығында құбылды. [2016-02-08]