"ForteLeasing" (ФортеЛизинг) АҚ компания акцияларының он және одан да көп пайызына ие акционерлердің құрамы өзгергені туралы хабарлады

08.02.16 14:33
/KASE, 08.02.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ForteLeasing" (ФортеЛизинг) АҚ (Алматы), KASE назарына ұсынған ресми хатында былай деп мәлімдейді: "2015 жылдың 29 қаңтарында "ForteBank" АҚ ForteLeasing" (ФортеЛизинг) АҚ жай акцияларын сатып алып, үлесін 80,58 % дейін арттырды.". [2016-02-08]