01 АҚПАННАН БАСТАП "KEGOC" АҚ (KZ1C34930012, KEGC) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫ KASE ЖАЙ ӨКІЛЕТТІК ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛДІ

01.02.15 15:08
/KASE, 15.01.15/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлағандай, Бағалы қағаздар индексі және бағалау комитетінің (одан әрі – Комитет) 2015 жылдың 15 қаңтарынан бастап "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" (одан әрі – Әдістеме) KASE ішкі құжатына сәйкес KASE Индексін есептеу үшін өкілеттік тізімі (одан әрі – тізім) анықталды. Аталмыш шешімге сәйкес Борыштық бағалы қағаздар тізіміндегі бағалы қағаздардан басқа 2015 жылдың 01 қапанынан бастап оның қатарына "Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы" АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" АҚ (Астана) KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KEGC) жай акциялары кіреді. Аталмыш акцияларды Тізімге енгізу туралы шешімді Комитет мүшелері аталмыш акцияларды әлеуетті жойылатын акциялар деп санауға мүмкіндік берген нақты фактілер негізінде қабылдаған. Ондай факторларға жеке шоттардың сауда-саттығына қосылған ағымдық сауда-саттық көлемі, сондай-ақ сол бағалы қағаздарға жазылым нәтижелері жатады. Сонымен, 2015 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE Индексін есептеу кезінде төмендегі акциялардың параметрлері қолданылады: ------------------------------------------------------------------------------------ # р/с Акция коды ҰСН немесе ISIN Эмитент Fi Ri Үлесі 1 CCBN KZ1C36280010 "ЦентрКредит Банкі" АҚ 15,7 1,0000000 3,1 2 GB_KZMS GB00B0HZPV38 KAZ Minerals PLC 74,8 0,2286170 15,0 3 HSBK KZ1C33870011 "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ 74,8 0,2424151 15,0 4 KCEL KZ1C59150017 "Кселл" АҚ 74,8 0,4947473 15,0 5 KEGC KZ1C34930012 "KEGOC" (KEGC)АҚ 49,0 1,0000000 9,8 6 KKGB KZ1C00400016 "Казкоммерцбанк" АҚ 50,1 1.0000000 4,7 7 KZTK KZ1C12280018 "Казахтелеком" АҚ 60,1 1,0000000 12,0 8 KZTO KZ1C29950017 "КазТрансОйл" АҚ 74,8 0,9821477 15,0 9 RDGZ KZ1C51460018 "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ 74,8 0,0773040 15,0 ------------------------------------------------------------------------------------ КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ ҰСН немесе ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі. Эмитент – акция эмитентінің қысқаша атауы. Fi – 01.10.14 жылы KASE-де тіркелген, соңғы мәміле бағасының, 14.01.15 жылға еркін айналыстағы акциялар санының және, әрбір атаулы акциясының индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін, Ri коэфициентінің көбейтіндісі нәтижесінде алынған параметр, млн АҚШ долларымен көрсетіледі. Индекс және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 01.02.15 басында Fi мәні біршама басқа болады, өйткені акциялардың ағымдағы бағаларына сәйкес Ri коэффициенттері түзетілетін болады. Ri – шектеу коэффициенті – есептесу тәртібі Әдістемеде берілген, 0,15 (15 %) дейін индекс мәніне әрбір акцияның әсер ету үлесін шектейтін параметр. Үлес – KASE Индексін есептеуге арналған өкілеттілік тізімде тұрған, барлық атаулылар акцияларының жалпы нарықтық құнындағы қандай да бір атаулы акциясының жалпы нарықтық бағасының үлесі. Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайында жарияланған. [2015-01-15]