"КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Павлодар облысының аграрлы егістік жұмыстары мен кооперативтер құруды талқылады

28.01.16 15:03
/KASE, 28.01.2016/ – Облигациялар Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2016 жылдың 26 ақпанындағы төмендегі хабарламасын ұсынды: цитата басы Алдағы көктемгі-егістік жұмыстарын қаржыландыру мәселелері, сондай-ақ облыстың аграрлық шаруашылықтарын кооперациялар және ортақ жауапкершілік принциптерінде біріктіру мүмкіндігін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі мен Павлодар облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілері талқылады. Шаруашылықтар мен аймақтың агроқұрылымдарынан басқа іс-шараға облыстың әкімдігінің, аудандық әкімдіктердің, «ҚазАгро» холдингінің еншілес компанияларының аймақтық филиалдарының, Қазақстанның Фермерлері одағының, Несие серіктестіктерінің, Екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) өкілдері қатысты. цитата соңы Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_260116_kz.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2016-01-28]