"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 2016 жылға егін науқанын қаржыландыру туралы хабарлады

22.01.16 12:36
/KASE, 22.01.2016/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), биржаға жолдаған реми хатында төмендегіні хабарлады: ... "ҚазАгро" ұлттық холдингі 2016 жылдың егістік науқанына дайындықты бастады. Алдағы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыру кезіндегі Холдингтің негізгі міндеті – несие ресурстарын алу үшін отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің мүмкіндіктерін барынша кеңейту. Осы мақсатпен "ҚазАгро" екінші деңгейлі 11 банктің өкілдерімен кездесу өткізді, оның барысында банктердің кеңейтілген филиалдары желісін пайдалану арқылы республиканың шаруашылықтары мен агроқұрылымдарын қаржыландыру мәселелері талқыланды. Әңгіменің жеке тақырыбы, АӨК құрылатын кооперативтік қозғалысты қолдауға ЕДБ-дің көптеп қатысу мүмкіндігі болды. Кездесу Алматы қаласындағы Қазақстанның қаржыгерлері қауымдастығы алаңында өтті. ... Баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_210116_kz.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2016-01-22]