"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

20.01.16 14:39
/KASE, 20.01.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C05340019 жай акцияларының жалпы саны 147 364 847 дана, KZ1P05340115 артықшылықты акциялар саны – 1 250 дана; - компанияның 142 315 508 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары орналастырылған; - компания өзінің 35 268 966 акциялары кері сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Энерго" АҚ болып табылады, оның меншігінде 107 047 792 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 75,22%) соның ішінде компанияның 107 046 542 жай акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 100,00%) және 1 250 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 100,00%) бар. [2016-01-20]