Банк ВТБ (Қазақстан) еншілес ұйымы "UnionPay International" халықаралық төлем жүйесінің карталары бойынша қызмет көрсетуге қатысты жобасының іске қосылуын мәлімдейді

15.01.16 12:07
/KASE, 15.01.16/ – Облигациялары Қазақстан Қор Биржасы (KASE) ресми тізімінде тұрған Банк ВТБ (Қазақстан) еншілес ұйымы АҚ (Алматы), KASE назарына мынадай ақпараттық хабарлама ұсынды: үзіндінің басы Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ "UnionPay International" халықаралық төлем жүйесінің карталарын қабылдау және қызмет көрсету бойынша жобаны сәтімен іске қосты. 2016 жылғы қаңтардан бастап Банктің сауда POS-терминалдары мен банкоматтары Visa және MasterCard қатар UnionPay International халықаралық төлем жүйесінің карталарына қызмет көрсететін болады. UnionPay International халықаралық төлем жүйесі айналыстағы карточкалар саны бойынша әлемде 1 орын алады, қазірдің өзінде 4.5 млрд астам төлем карточкалары шығарылған. - UnionPay International карталары әлемнің 150 елінде тауарларды, қызметтерді төлеуге және қолма-қол ақша алуға пайдалану мүмкіндігін береді. UnionPay International карталары 40 астам елдерде шығарылады және 6-таңбалы ПИН-кодпен қорғалған, әлемдегі төлем жүйелерінің барлық артықшылықтары бар. Біз жаңа қызметті енгізгеніміз туралы хабарлауға қуаныштымыз, бұл біздің Клиенттерімізге неғұрлым жайлы және қолайлы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, - деді Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Бөлшек бизнесті дамыту департаментінің Директоры Динара Жакенова. – 2016 жылы қаңтар айында сауда орындарында POS-терминалдарды міндетті түрде пайдалану туралы заң* күшіне енді, соның аясында UnionPay International ХТЖ енгізу біздің клиенттер - POS-терминалдардың меншік иелеріне өз мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтуге және клиенттік базасын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда республика аумағында Банк ВТБ (Қазақстан)-ның 100-ге жуық банкоматы және 1000 астам POS-терминалы жұмыс істейді. Қосымша түсіндірмелер алу үшін Сіз әрқашан баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар: Арина Пирогова Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20 e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz web.: www.vtb-bank.kz Facebook: BankVtbKazahstan үзіндінің аяғы [2016-01-15]