"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

13.01.16 15:45
/KASE, 13.01.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C23640010 жай акцияларының жалпы саны 51 120 065 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ҚАЗАГРО" ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГІ" АҚ болып табылады. [2016-01-13]