"КазТрансГаз Аймақ" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
13.01.16 15:30
/KASE, 13.01.16/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "КазТрансГаз Аймақ" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01
қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C48950014 жай акцияларының жалпы саны 61 592 587
дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға АО "КАЗТРАНСГАЗ" болып табылады.
[2016-01-13]