"Маңғистаумұнайгаз" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

12.01.16 08:48
/KASE, 12.01.16/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Маңғистаумұнайгаз" АҚ (Ақтау, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2016 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C05020017 жай акцияларының жалпы саны 107 856 540 дана, KZ1P05020113 артықшылықты акциялар саны – 1 089 460 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға MANGISTAU INVESTMENTS B.V. (Амстердам, Нидерландылар Корольдігі) болып табылады, оның меншігінде 107 861 935 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,00%) соның ішінде компанияның 107 856 540 жай акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 100,00%) және 5 395 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 0,50%) бар. [2016-01-12]