"KEGOC" АҚ өзінің KZ1C34930012 (KZ1C00000959, KEGC) акциялары бойынша 2015 жылдың бірінші жарты жылдығына дивиденд төлегені туралы хабарлады

08.01.16 15:08
/KASE, 08.01.2016/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "KEGOC" АҚ (Астана), биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: ... "KEGOC" АҚ (KZ1C34930012) жай акциялары бойынша 16.11.2015 ж. бастап 07.12.2015 ж. дейін 2015 жылдың бірінші жартығына миноритарлық акционерлерге дивиденд төленді. "KEGOC" АҚ және оның мажоритарлық акционері ретінде, "Самұрық- Қазына" АҚ арасындағы 31.12.2015 ж. келісімге сәйкес, "KEGOC" АҚ-на "KEGOC" АҚ жай акциялары бойынша "Самұрық-Қазына" АҚ-на 2015 жылдың бірінші жарты жылдығына 2 199 600 009,40 теңге сомасындағы девидендті төлеу 31.12.2016 ж. дейн кейінге қалдырылды. 1. "KEGOC" АҚ жай акциялары бойынша 2015 жылдың бірінші жарты жылдығына дивиденд төлеу туралы шешім "KEGOC" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2015 жылдың 15 қазанындағы шешімімен қабылданды .... 2. ПДивиденд төленетін кезең – 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 маусымына дейін. 3. Бір жай акцияға шаққандағы дивиденд көлемі – 9,40 ...теңге. 4. Дивиденд түрінде төлеуге жататын, жалпы сома – 2 444 000 000 ... теңге. 5. Дивиденд түрінде төленген, қаражаттың жалпы сомасы – 244 399 990,60 ... теңге. 6. "KEGOC" АҚ жай акциялары бойынша 2015 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша дивиденд алуға құқылы, акционерлердің тізімі 2015 жылдың 30 қазанындағы 00 сағат 00 минутындағы жағдай бойынша құрастырылды. [2016-01-08]